АЭА және ӨА

АЭА және ӨА
«Астана – жаңа қала» ЕЭА

Арнайы экономикалық аймақтар экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы, инвестициялар тарту және өнім өндіру көрсеткіші жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және заманауи технологияларды тарту мақсатында құрылады.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2001 жылы құрылған. «Астана – жаңа қала» АЭА-ның белгіленген негізгі мақсаттары:

  • елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысын жеделдету;
  • Индустриялық паркте жаңа өндірістерді ашу.

Алға қойылған мақсаттарды шешу келесі негізде жүзеге асырылуда:

  • шетелдік инвестицияларды тарту;
  • жаңа технологияларды, шетелдің озық тәжірибесін тарта отырып, мемлекеттік, коммерциялық және шетелдік капиталды біріктіру және кешенді пайдалану арқылы экономиканы қарқынды дамыту;

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін АЭА аумағында қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылды. Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Инвесторларды тарту және Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес құрылды.

Инвесторлардың басты артықшылықтары:

  • нысандар құрылысына және АЭА аумағында жаңа өндірістерді ашуға тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау;
  • салықтық және кедендік жеңілдіктер;
  • қала құрылысында прогрессивті технологияларды ендіру және заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану мүмкіндігі;
  • инженерлік абаттандырылған аумақтарда нысандар құрылысы үшін жер телімдерін бері.

Қазіргі уақытта АЭА-ның аумағы 7634,71 га құрайды, бұл оның бастапқы аумағынан шамамен 7 есеге көп. АЭА құрған кезде оның аумағы 1052 га болған.

АЭА аумағы елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығынан және №1 және №2 Индустриялық парктерінен тұрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге