Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
Paramaunt Group Limited

«Казақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азия аумағында заманауи брондалған дөңгелекті машиналарды шығару бойынша ірі, біреге және инновациялық кәсіпорын болып табылады.

2015 жылдың 30 қарашасында зауыттың ашылуы болды. Жобаның серіктестері Жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорынын құрған «Қазақстан Инжиниринг Дистрибьюшн»ЖШС және «Парамаунт групп» оңтүстік африкалық компаниясы болып табылады.

Кәсіпорын өндірістің толық технологиялық үдерісін игерген (машина корпусын кесу, майыстыру, дәнекерлеу, дайындау, бояу, сынау және т.б.), инженерлік-техникалық құрам жинақталған, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін құрастыру бюросы құрылған.

Зауытта өндірілетін брондалған машиналар ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және өзінің кейбір тактикалық-техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік баламаларынан асып түседі. Біздің брондалған машиналардың айрықша белгісі беріктік, мобильділік және жоғары қорғаныс деңгейі болып табылады.

Шығарылатын өнім:
  • дөңгелек формуласы «4х4» болатын «Арлан» брондалған дөңгелекті машиналар (БДМ);
  • дөңгелек формуласы «4х4» болатын «Алан» брондалған дөңгелекті машиналар (БДМ);
  • дөңгелек формуласы «4х4» болатын «Номад» брондалған дөңгелекті машиналар (БДМ);
  • дөңгелек формуласы «6х6» сонымен қатар «8х8» болатын «Барыс» бронтранспортерлері (БТР);

2016 жылдың желтоқсанынан бастап кәсіпорын қазақстандың әскерді, сонымен қатар елдің басқа да әскери ведомстволарын қаруландыруға отандық өндірістің «Арлан» және «Алан» брондалған дөңгелекті машиналарын жеткізу бойынша барлық келісімшарттық міндеттемелерін табысты орындап келе жатыр.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» отандық қарулы күштерді озық технологиямен қамтамасыз ету, өндірісті максималды шоғырландыру және әрі қарай өнімді халықаралық нарықтарға экспорттау міндеттерін қоюда.

Зауыттың өндірушілік қуаты – жылына 120 машина.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге