Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
«AstanaЮтарияLtd» ӨИК» ЖШС

«Astana Ютария Ltd» Өндірістік инновациялық компания« ЖШС 2013 жылы құрылды.

Өндірістік кешеннің ауданы 7000 астам ш.м. құрайды, 2 га жер учаскесінде өндірістік, көмекші, қызметтік, қойма және әкімшіліктік үй-жайларды қамтиды. «Astana Ютария Ltd» ӨИК жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды әзірлеу саласында жетекші қазақстандық компаниялардың бірі болып табылады және тігін өнімдерінің кең ассортиментімен ерекшеленеді.

Жүзеге асырылушы жоба еңбек өнімділігі жоғары 400 астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Заманауи технологиялар, білікті кадрлар кешенді шешім, өндірісті дамыту механизмдерін жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

Кәсіпорын  жалпы әлемдік нарыққа жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған тігін және мамандандырылған жабдықтардың 40% астамын жеткізуші танымал халықаралық брендтің, «ZOJE» фирманың автоматтандырылған жабдықтарымен жарақтандырылған.  

Фабрика цехтарында бағдарламалық басқарылатын автоматтандырылған пішін, кесте тігу жабдықтары бар. Кәсіпорында жаңа технологиялар мен ғылыми-қолданбалы әзірлемелерді пайдалана отырып, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау үдерістері енгізілуде.

Компанияның басым бағыты ішкі сұранысты дамыту және экспорттық әлеуетті жүзеге асыру болып табылады, оның ішінде өндіріс ассортиментін кеңейту жолымен.

Шығарылатын өнімнің ассортименті 200 астам бұйым атауларын қамтиды. Бұл химия, мұнай-газ, металлургия, тамақ, фармацевтика, автомобиль өнеркәсібінің, көлік және құрылыс, коммуникалдық шаруашылық, қонақ үй кешені және өнеркәсіптің көптеген басқа салаларындағы жұмыскерлерге арналған арнайы киім.

Компания халық тұтынатын өнімдердің кең ассортиментін шығарады. Бұл ерлер, әйелдер, іскерлік және күнделікті тұрмыстық киім-кешек, балаларға арналған тауарлар, үй текстилі, орамалдар, дастархандар, төсек жабдықтары.

Саланың спецификасын ескере отырып, киім-кешектің дизайнына, әзірлеуге, өндіруге ерекше көңіл бөлінеді – медициналық халаттар, мектеп киімдері, әскери құрылымдарға арналған пішінді киімдер.

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырушылардың тапсырысы бойынша Компания қызмет көрсету саласындағы барлық жұмыскерлер үшін киімді әзірледі және тігіп шықты: супервайзерлер, стендисттер, еріктілер және medical еріктілер, Байланыс орталығының, Аккредитацияның, «Астана ЭКСПО – 2017« ҰК» АҚ қызметкерлері.

Отандық тауар өндірушілерді насихаттау және импорталмастыру саясатын жүзеге асыру мақсатында, «Astana Ютария Ltd» ӨИК бастамасымен қазақстандық өндірушілердің тауарлары ұсынылатын «Универмаг КZ» бірқатар дүкендері ашылды.

Одан бөлек, өндірістік компания өндіруден бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейінгі қызметтердің кең спектрін қамтитын (дәстүрлі жуу, химиялық тазалау, арнайы киімді жөндеу және таңбалау) біріңғай кешенді қызметті енгізу бойынша новатор болды.

2017 жылы қаңтарда   «Astana Ютария ltd» ӨИК ЖШС мен Güzelce Makina түрік компаниясының арасында сомасы 1,5 млн. доллардан астам болатын келісімшартқа қол қойылды. Дәстүрлі ерлер,  әйелдер пиджактарын, костюмдерін және пальтоларын   тігу бойынша  автоматтандырылған өндіріс отандық жеңіл өнеркәсіп үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Түрік тарабы жабдықты жобалық қуатқа шығару және 7 жыл ішінде сервистік қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді қабылдады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша күтілуде:
  • Өндірушілік қуатқа жету – жылына 100 мың костюм;
  • 125 жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Жобалық қуатқа шығу кезінде салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің 35-40% артуын болжау
  • 2019-2020 жылдардың екінші жарты жылдықтарында Ресейге және Еуропа елдеріне экспортқа шығу


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге