Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
Selenа FM JSC

Selena Group – бұл бас кеңсесі Польшада орналасқан, құрылыс химиясы өнімдерін және құрылысқа арналған жүйелерді әзірлеумен, өндірумен және дистрибуциямен айналысатын халықаралық компаниялардың холдингі, ғимараттардың құрылысы кезінде қолданылатын полиуретан көбіктерін өндіру бойынша әлемдік үш үздікке кіреді.

Қазақстанда компания өз жұмысын 2002 жылы жергілікті нарыққа өнімдерін жеткізуден бастады. 2016 жылдың желтоқсанында Астанада «TYTAN» брендінің атауымен ғимараттарды жылуоқшаулауға арналған дисперсиялық және құрғақ мамандандырылған құрылыс қоспаларын және өнімдерін өндіру бойынша Selena Insulations зауытын іске қосу жүргізілді.

Selena Group өнімдері қазақстандық нарықта төрт сегментте жетекшілік орындарды берік алып отыр: полиуретан көбіктері, құрылыс желімдері, герметика және көбікті желім. Қазақстанның 8 қаласында компанияның өкілдік кеңселері бар.

Қазақстандағы 15 жыл жұмысы кезінде компанияның жалпы сауда айналымы 20 еседен астам өсті, компания республикалық бюджетке
1 миллиард теңгеден астам салық аударымдарын төледі.

Қазақстанда Selena бизнесінің қалыптасу барысында клиенттік компанияларда 3000 астам жұмыс орындары және шикізат жеткізуші-компанияларды 700 астам жұмыс орындары құрылды. Айта кететін жайт, 90% компания персоналы Вроцлавадағы Selena бас кеңсесінде тұрақты кәсіптік оқытудан өтетін қазақстандық азаматтар болып табылады.

Аталмыш жобаның аймаққа экономикалық әсері ерекше маңызға ие: жаңа технологияларды қолданып және жергілікті персонал үшін жұмыс орындарын құрып, Қазақстанда ішкі сұранысқа ие жоғары сапалы өнімді өндіру. TYTAN 95% қазақстандық шикізаттан тұрады және өнімнің сапасы жоғары еуропалық стандарттарға сәйкес келеді.

Қазақстанда TYTAN нарық жетекшісі және сапа мен беріктіктің синонимы бола отырып, мамандар арасында эталонды бренд ретінде танылған. Маңызды айта кететін жайт, өнімді өндіру барысында тек сертификатталған және тексерілген материалдар ғана қолданылады.

Selena Group тұрақты түрде ғылыми әзірлемелердің негізінде өз өнімдерінің сапасын жақсартады: Польшада, Испанияда, Түркияда және Қытада орналасқан және «Selena Labs» біріктірілген зертханалық компанияларда 50 астам ғалымдар, инженерлер және құрылыс химиясы саласындағы мамандар жұмыс жасайды.

Инвестордың капитал салымдары 6 млн. еуроны құрайды. Негізгі инвестициялар ауданы 5040 шаршы метр болатын зауыттың құрылысына, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге арналған екі жоғары өндірісті тораптарды, дымқыл ерітінділерді өндіруге арналған бір торапты орнатуға, ауданы
2 гектар болатын зауыт инфрақұрылымын жайғастыруға және ішкі теміржол тораптарын төсеуге салынды.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын және болашақта 180 мың тоннаға кеңейтілетін жылына 10 мың тонна дисперсиялық қоспаларды құрайды. Объектіні іске қосудың арқасында инженерлік-техникалық жұмыскерлерге, қаржыгерлерге, заңгерлерге, технологтарға арналған 50 астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Толық өндіріс цикліне қол жеткізгеннен кейін жұмыс орындарының саны 100 дейін арттырылатын болады. Өндірістік өнімді Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Ресейдің нарықтарына экспорттау жоспарлануда.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге