Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
CCI Kazakhstan

CCI Kazakhstan елдің барлық аумағында «Кока-Кола» компаниясының газдалған және газдалмаған сусындарын өндірумен және сатумен айналысады. Қазақстанда компанияның негізі 1994 жылы қаланды және алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі болды. 2005 жылы Алматы облысында жаңа зауыт тұрғызылды және 10 жыл өткен соң Астанада екінші зауытты іске қосу орын алды. Қазіргі уақытта компанияда 700 астам адам бар және дистрибьютерлерді, жеткізушілер мен басқа да серіктестерді қоса алғанда 2500 тікелей және жанама жұмыс орындарын құруда.

Соңғы 10 жылда компания жалпы Қазақстанға 250 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Астанадағы зауыт 80 млн. АҚШ доллары инвестициясын тартты және қазірде мұнда 100 астам адам жұмыс жасайды. Аталмыш кәсіпорынның өндірістік қуаты 100 млн. литр алкогольсіз және газдалған сусындарды, шырындарды және салқын шайды құрайды.

Компания үшін ең басты басымдылық суды тазалаудан бастап қаптауға дейінгі өнімнің жоғары сапасы болып табылады. Өнім Қазақстанда жаңа әлемдік технологияларды пайдалана отырып өндірілген. Өндіріс тек қазақстандық талаптарға емес, сондай-ақ халықаралық стандарттарға да сай келеді. CCI Kazakhstan өндірілетін сусындардың құрамына кіретін барлық ингридиенттер табиғи болып табылады және сапаны арнайы тексеруден өтеді. Қазіргі таңда компания есебінде газдалған сусындар, калория құрамы төмен сусындар, су, шырындар, шайлар бар.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге